Қазақстан 20 Қаңтар, 2025

Қытай, Вьетнам, Египет елдеріне жаңа әуе рейстері ашылады

89 рет
көрсетілді

Аталған жаңа бағыттар – сауда-экономикалық, іскерлік, туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететіні сөзсіз, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің мәлім етуінше биыл наурыз айынан бастап «Air Astana» әуекомпаниясы Вьетнамға аптасына 4 рет  Алматы-Нячанг және аптасына 3 рет Астана-Нячанг бағыттары бойынша және аптасына 3 рет  Алматы-Гуанчжоу бағыты бойынша Қытайға жаңа маршруттар ашады.

Көктемгі-жазғы маусымынан бастап «Air Cairo» әуекомпаниясы аптасына 1 рет  Қостанай-Шарм-эль-Шейх және аптасына 2 рет  Алматы-Хургада бағытында рейстер ашуды жоспарлап отыр, сондай-ақ аптасына 1 рет  Алматыдан Эль-Аламейнге рейстерді қайта бастау жоспарланып жатыр.