Аймақтар 20 Қаңтар, 2025

Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

90 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» қолайсыз ауа райына байланысты Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарындағы жол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ақмола облысындағы «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесінде (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) көлік қозғалысы шектелді.Павлодар облысындағы  «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесінде де (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін) бүгін сағат 16: 20-дан жол жабылды.Компания ақпаратына сай, бұл жол учаскелерін 21 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

Қарағанды облысындағы «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1353-1426 шақырым аралығындағы учаскесі бүгін сағат 18: 30-дан бастап жабылады. 

Бұл жол бөлігін  21 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған.