ТЖ қызметкерлері Шымкенттің Әл-Фараби ауданы, Тәуке хан даңғылында орналасқан аттракциондар саябағындағы өртті сөндірді, деп жазады Egemen.kz.

Қызыл жалын ойын автоматтарынан тұтанып, екі қабатты мейрамханаға таралған. ТЖМ мәліметінше, өрт 230 шаршы метр алаңды шарпыған.
Өрт кезінде саябақта демалушылар болмаған.
Құтқарушылар өрттің шығу себебі анықталмағанын, зардап шеккендердің жоқ екенін мәлімдеді.