Ұлттық қауіпсіздік комитеті елордаға оңтүстік өңірлерден есірткі жеткізетін ірі арнаны жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Арнайы операция барысында Астанаға келе жатқан есірткі курьері ұсталды. Оның көлігінен 45 кг гашиш және 312 кг марихуана табылды.
«Қылмыстық топ мүшелерінен тағы 1,6 тоннадан астам марихуана мен 1 кг гашиш тәркіленді», деп хабарлады ҰҚК.
Астанадан есірткілерді солтүстік аймақтарда көтерме және бөлшектеп саудалау үшін тарату жоспарланған.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.