Ақтөбе облысындағы «Жайсан» теміржол өткізу пунктінде Молдованың ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросы есірткі заттарын заңсыз тасымалдағаны үшін халықаралық іздеуде болған өзбекстандық азаматты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Polisia.kz порталының дерегінше, 2013 жылы күдікті басқа адамдармен бірге есірткі заттарын жеткізудің халықаралық арнасын ұйымдастырған. Молдоваға кірген кезде одан 46 грамм героин табылған.
Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.