Оқиға 03 Ақпан, 2025

Ақтөбе облысында 48 адам эвакуацияланды

73 рет
көрсетілді

Бүгін Ақтөбе облысына қарасты Ырғыз ауданы аумағында автобус сынып, тоқтап қалған, деп жазады Egemen.kz.

Хабарлама алып, дереу жөнелген ТЖМ қызметкерлері «Шымкент-Мәскеу» маршрутымен бара жатқан автобуста 21-і Өзбекстан азаматтары болып табылатын 48 адамды вахталық автобуспен эвакуациялап, жылыту пунктіне жеткізген. Анықталғандай, жолаушылардан ешкім зардап шекпеген.