Қазақстанның Қорғаныс министрлігіне Әзербайжанның әскери делегациясы келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әзербайжан Қорғаныс министрінің орынбасары – Бас директор Агиль Гурбанов бастаған шетел делегациясын Қазақстанның Қорғаныс ведомствосы басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов қабылдады.
Кездесу барысында екі елдің достық ынтымақтастығы және стратегиялық деңгейі аталып өтті.
Жиын қорытындысы бойынша қорғаныс саласындағы ары қарайғы қарым-қатынас бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.