Табиғат 11 Ақпан, 2025

Қаратауда бәйшешек гүлдей бастады

99 рет
көрсетілді

Қаратаудың етегінде бәйшешек гүлдей бастаған, деп жазады Egemen.kz.

Нақты атағанда, Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында– бәйшешектің пайда болуы табиғаттың қысқы ұйқыдан оянып, жаңа өмірдің басталғанының белгісі іспетті.

«Бәйшешекті көктемнің алғашқы сүйінші хабары ретінде де қабылдаймыз. Бұл гүлдер адамдардың көңілін көтеріп, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырады», делінген хабарламада.

Айта кетейік, бәйшешек сирек кездесетін түр ретінде ҚР Қызыл кітабына енген.