Қалалық прокуратураның үйлестіруімен Полиция департаментінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҚР ҚК-нің 99-бабымен (адам өлтiру) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, «А» есімді азамат 2009 жылғы 9 қаңтарда «Астория» кафесінің жанында атыс қаруын қолдану арқылы аса ауыр қылмыс жасап, тергеуден жасырынған.
Қылмыскер 16 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.