• RUB:
    6.03
  • USD:
    518.31
  • EUR:
    567.96
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Ақпан, 2025

Газада соғыс өрті қайта өршуі мүмкін

129 рет
көрсетілді

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху егер ХАМАС сенбі күні түске дейін кепілге алынғандарды қайтармаса, Израиль армиясы Газа секторындағы әскери операцияларын қайта бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұдан басқа, АҚШ президенті Дональд Трамп ХАМАС-тан сенбі күні түске дейін барлық кепілге алынғандарды босатуды талап етіп, әйтпесе «нағыз тозақ орнайтынын» айтты.

Бір күн бұрын содырлар Израиль атысты тоқтату келісімінің шарттарын орындамай отыр деп мәлімдеп, тұтқында болған израильдіктерді босатудың және оларды палестиналық тұтқындарға айырбастаудың келесі кезеңін тоқтатамыз деп қорқытқан еді.