Былтыр қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанның курорттық өңірлеріне 3,4 миллион турист барған, деп жазады Egemen.kz.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, қонақ үйлер мен орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі 129 миллиард теңгеге жеткен.
Ал туристер Қазақстандағы мына 5 аймаққа жиі барған:
1-орын: Алматы тау кластеріЕліміздің ең тартымды курорттық өңірлер рейтингінде Алматы тау кластері көш бастап тұр. Өңірге 1 996 801 турист сапарлаған. Әсем тау пейзаждары мен таза ауасы өңірді белсенді және табиғат аясындағы демалысты ұнататындар үшін нағыз тартымды орынға айналдырды. 2-орын: Маңғыстау курорттық өңіріМаңғыстаудың көрікті пейзаждары мен Каспий теңізінің жағалауында 325 013 турист демалған. 3-орын: Щучье-Бурабай курорттық өңіріОрманы, көлдері және курорттық кешендерімен әйгілі бұл өңір 275 295 саяхатшыны қабылдаған. 4-орын: Алакөл курорттық өңіріАлакөл көлінің Абай облысындағы аумағына 125 621, Жетісу облысындағы бөлігіне 113 059 турист барған. Осылайша, бұл өңір еліміздің басты табиғи інжу-маржаны екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. 5-орын: Балқаш курорттық өңіріБалқаш көлінің жағалауында орналасқан демалыс өңірі былтыр 9 айда 120 948 турист қабылдаған.