Оқиға 27 Ақпан, 2025

Алматыдағы «Halyk Arena» стадионынан өрт шықты

90 рет
көрсетілді

Алматыдағы «Halyk Arena» стадионының Мұз сарайынан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне өрт туралы ақпарат сағат 12:35-те келіп түскен.

«Өрт сөндірушілер келгенге дейін алау 3-блоктың 2-қабатындағы С-8 шаршы метрлік кеңседен шыққаны анықталды. Жалын ішкі өрт сөндіру кранының көмегімен сөндірілді», делінген хабарламада.

Қызыл жалыннан зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.