• RUB:
    5.97
  • USD:
    504.34
  • EUR:
    556.34
Басты сайтқа өту
Тағайындау 28 Ақпан, 2025

Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы ауысты

72 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды», делінген.

Сондай-ақ хабарламада: «Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды» деп жазылған.