Қазақстанның білім беру саласында 484 788 педагог-әйел жұмыс істейді. Бұл жалпы ұстаздардың 82,1 пайызын құрайды, деп жазады Egemen.kz.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олардың білім беру сатысы мен саласындағы үлесі мынадай:
100 750 педагог-әйел - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында; 334 641 педагог-әйел - орта білім беру ұйымдарында; 2 444 педагог-әйел - түзету-білім беру ұйымдарында; 13 113 педагог-әйел - қосымша білім беру ұйымдарында; 29 025 педагог-әйел - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында; 3 815 педагог-әйел арнайы білім беру ұйымдарында қызмет етіп жүр.