Педагог
Қоғам • 26 Наурыз, 2024
Қазақстанда жаңа мамандық пайда болады
Оқу-ағарту министрлігі педагогтер лауазымдары тізіміне толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2024
«Мұғалімдер де қарапайым адамдар». Аймағамбетов мұғалімдерге араша түсті
Бұрынғы оқу-ағарту министрі, қазіргі мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Түркиядағы трансвеститтер клубына барған мұғалімдерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Білім • 05 Желтоқсан, 2023
Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары 72 пайыз жаңарды
Бүгінде елімізде 49 жоғары оқу орнының педагогикалық бағыттағы лицензиялары бар, оларда жалпы саны 186 мыңнан астам адам оқиды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 05 Желтоқсан, 2023
Педагог даярлайтын колледждерге талап күшейеді
Бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бисембаев елдегі білім саласында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Министрдің мәліметінше, 2025 жылға қарай демографиялық өсім болжанып отыр, сондықтан 15 мыңнан астам тәрбиеші, мектептерге 14 мыңнан аса бастауыш сынып мұғалімдері қажет болады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 03 Қараша, 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне – 95 жыл
Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 19 Қазан, 2023
Еліміздің үздік педагогтері анықталады
Елімізде «Үздік педагог» республикалық байқауы аяқталуға жақын. Оған меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттық педагогикалық қызметтегі ұстаздаздар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 17 Қазан, 2023
Түркияның танымал профессоры қазақ тілін үйреніп жүр
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде сабақ беру үшін Конья қаласынан арнайы бағдарламамен келген тарих ғылымдарының докторы Мұстафа Демиржи қазақ тілін үйренуді бастаған. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Форум • 09 Қазан, 2023
Педагогтердің ашық ұлттық саммиті өтті
Астанада Nobel Fest ғылыми фестивалі аясында Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Қазақстан тарихында алғаш рет ұйымдастырылған – Педагогтердің ашық ұлттық саммиті өтіп, оған әлемнің ең үздік ұстаздары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қазан, 2023
Президент: Озық біліммен қатар өнегелі тәрбие беру керек
Мемлекеттің тірегі – адал азаматтар. Елімізде осы қағидаға негізделген жаңа қоғамдық этика орнығуға тиіс. Қазақта «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген сөз бар. Мектеп ізгілік қағидаларын, адамзатқа ортақ құндылықтарды балалардың бойына сіңіретін орталыққа айналуы керек. Бұл туралы Президент педагогтер съезіндегі баяндамасында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 05 Қазан, 2023
Елордада Президенттің қатысуымен педагогтер съезі басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық педагогтер съезіндегі баяндамасы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Форум • 04 Қазан, 2023
Педагогтердің республикалық съезі өтеді
Республикалық педагогтер съезі алғаш рет Үкімет қаулысымен бекітілген – Мұғалімдер күніне орай 5 қазанда өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қыркүйек, 2023
Алматы мұғалімдері Финляндияға жолдама алды
Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы NIS мұғалімдері Шолпан Әбішева мен Айжан Омарханова Pro.NRG 2023 жаһандық фестивалінің «Science on Stage Kazakhstan» ұлттық іріктеу турнирінің жеңімпаздары атанды.
Білім • 25 Тамыз, 2023
Атырау облысында 81 педагог жалған дипломмен жұмыс істеген
Атырау облысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 51 қызметкері мен орта білім беру ұйымдарының 30 қызметкері жалған дипломмен жұмыс істеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 12 Шілде, 2023
«Үздік педагог» байқауына өтінім қабылдау басталды
Оқу-ағарту министрлігі «Үздік педагог» байқауына қатысуға өтінім қабылдау басталғанын хабарлады. Байқауға қатысуы үшін «Үздік ұстаз» сайтында тіркелу қажет, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Маусым, 2023
Баланың мінезін дұрыс қалыптастыру үшін не істеу керек?
Бала еркін тәрбиелеген абзал, бірақ «тым еркелетпеу қажет» дейтіндер де бар. Бала тәртіпке бағынуы керек, бірақ құр бұйыра беруге де болмайды. Десе де, бала тәрбиесінде баланс сақтау қажет екенін естен шығармаған жөн.
Қоғам • 06 Маусым, 2023
Мағжан Жұмабаев: Балаға тәрбиені өзінің шамасына, жаратылысына қарай беру керек
Журналистикада ретроспективалық сұхбат деген жанр бар. Ол – өмірден өтіп кеткен адамдармен шығармашылығы негізінде әңгімелесу. Біз бала тәрбиесіне қатысты Мағжан Жұмабаевпен сұхбат құрып көрдік.
Білім • 31 Наурыз, 2023
«Үздік педагог» байқауының ережелері өзгереді
«Үздік педагог» конкурсының ережелері мен өткізу мерзімі өзгеруі мүмкін. Оқу-ағарту министрлігі «Ашық» НҚА порталында жариялаған тиісті бұйрықта жаңа тәртіптер жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 30 Наурыз, 2023
ҰТО педагогтерге арналған байқау сынақтарының базасын жаңартты
ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы педагогтерге арналған тегін байқау сынақтарының базасын жаңартты. Тестілеу онлайн форматта орталықтың сайтында жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 07 Наурыз, 2023
95 педагог республикалық идеялар фестивалінің жеңімпазы атанды
Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен дәстүрлі «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсына Қазақстанның әр өңірінен 250 педагог қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 26 Ақпан, 2023
Ғани Бейсембаев Алматы қаласының педагогтерімен кездесті
Оқу-ағарту министрі Алматы қаласына іс сапары аясында педагогтер және білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 25 Қаңтар, 2023
Спорт мектептеріндегі жаттықтырушылардың жүктемесі азаяды
Спорт мектептерінің педагогтері мен жаттықтырушылары үшін апта сайынғы оқу жүктемесі 24 сағаттан 18 сағатқа дейін қысқартылады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 18 Қараша, 2022
«Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары марапатталды
«Үздік педагог-2022» республикалық байқауында 64 мұғалім жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 09 Қараша, 2022
123 мұғалім «Үздік педагог» атағына үміткер
Биыл «Үздік педагог» атағына 123 мұғалім үміткер. Олар байқауға қатысқан 5,5 мың педагогтің арасынан іріктеліп алынды. Конкурс қорытындысы бойынша барлығы 64 жеңімпаз анықталады, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Білім • 31 Тамыз, 2022
Педагогтердің аттестациядан өту тәртібіне өзгерістер енгізілді
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов 30 жылдық педагогикалық өтілі және жаңа аттестаттау жүйесі бойынша санаты бар педагогтер біліктілік тестілеуінен босатылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 15 Тамыз, 2022
Педагог мамандығында оқып жүргендердің тәжірибеден өту тәртібі өзгереді
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 11 Тамыз, 2022
Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына сыйақы беріледі
Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі бұйрығымен жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу ережесі бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 05 Тамыз, 2022
Жоғары атаққа ие болған педагогтер біржолғы төлемақы алады
Қазіргі уақытта ауыл мектептеріндегі педагог мамандар 400 мың теңгеге жуық жалақы алып отыр. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту вице министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 05 Тамыз, 2022
Педагогтердің республикалық тамыз конференциясы басталды
Қазақстанда педагогтердің республикалық тамыз конференциясы – 2022 басталды. Бұл туралы Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Білім • 02 Тамыз, 2022
Елімізде пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары басталды
Қазақстанда пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары басталды. Оларды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өкілдері EdCrunch Academy-мен бірлесіп әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 27 Шілде, 2022
ЖОО оқытушыларының жалақысы өседі
Бұл туралы бұрынғы Білім және ғылым министрі кезіндегі қызметі туралы есеп берген Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.