Білім • 05 Желтоқсан, 2023

Педагог даярлайтын колледждерге талап күшейеді

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бисембаев елдегі білім саласында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Министрдің мәліметінше, 2025 жылға қарай демографиялық өсім болжанып отыр, сондықтан 15 мыңнан астам тәрбиеші, мектептерге 14 мыңнан аса бастауыш сынып мұғалімдері қажет болады, деп жазады Egemen.kz.

Педагог даярлайтын колледждерге талап күшейеді

Министр мәселені шешу үшін аймақ әкімдіктері педагогикалық мамандықтарға мемлекеттік білім беру тапсырысын өңірдегі қажеттілікке қарай саралап бөлу қажет деді. Халық санының артуына байланысты педагог мамандарға сұраныс алдағы 5 жылда Алматы, Астана және Шымкент қалалары мен Алматы, Атырау, Түркістан облыстарында күрт артуы мүмкін.

Ал педагог мамандарды дайындайтын колледждерге министрлік талапты күшейтіп отыр.

«Биылдан бастап министрлік колледждерге қойылатын біліктілік талаптарын күшейтті. Атап айтқанда, кемінде 5 педагогикалық мамандық бойынша лицензияның болуын және бітірушілердің кемінде 90%-ын жұмысқа орналастыруын қамтамасыз етуі тиіс. Бұдан басқа, академиялық ұтқырлық, мамандық бойынша лицензиялау, сондай-ақ педагог кадрларды даярлауда қашықтан оқытуды шектеу мәселесі заңнамалық тұрғыда бекітіліп жатыр», деді Ғани Бисембаев.

Министр 6 мыңнан астам педагог бағдарламаларды әзірлеудің жаңа тәсілдері бойынша біліктіліктерін арттырғанын баяндады. 

«Кадрларды даярлау сапасын арттыру және әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында «Педагог» кәсіптік стандарты бекітілді. Нәтижесінде колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп, Педагог кәсіптік стандарты негізінде 554 бағдарламаны, жаңартып іске асыруда», деді Оқу-ағарту министрі.