«Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредиттеу стандарты мен 2029 жылға дейінгі жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Педагогикалық бағыттар бойынша гранттар саны соңғы жылдары бірнеше есе өсіп, 15 923 бірлікке жетті. Олардың құны екі есе артты. Студенттік шәкіртақы да өсті. Сонымен қатар мұғалімдік мамандықтарға қабылдау талаптары күшейтілді», деді С.Нұрбек.
Педагогикалық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша жұмыс жалғасып жатыр, бүгінгі күні оның 72 пайызы жаңартылды.
Министрдің айтуынша, осы және басқа да жүргізіліп жатқан өзгерістер педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттыруға және олардың заман талабына бейімделуіне бағытталған.