Фото: Ашық дереккөз
Pro.NRG-2023 педагогтар мен ғалымдар үшін дәстүрлі халықаралық ғылыми форум ретінде танылған. Биыл беделді фестиваль «STEM-білім берудің тұрақты дамуы» тақырыбында өтті.
Еуропаның жаратылыс саласындағы тәжірибелі профессорлары Майкл Грегори (Франция), Гордон Кеннеди (Италия), Наско Стаменов (Болгария), Пол Ландманнан (Испания) төрелік еткен байқауда еліміздің түкпір-түкпірінен келген 50 үздік қазақстандық жоба талқыға түсті. Нәтижесінде сарапшылар жеті жобаны таңдады. Жеңімпаз ұстаздар келесі жылдың жазында Финляндияда өтетін 13-ші Еуропалық «Science on Stage-2024 фестивалінде» республиканың абыройын қорғайтын болады.
«Science on Stage» фестиваліне Еуропаның 30-дан астам елінен ұлттық байқаулардың жеңімпаздары қатысады. Кәсіби алаңда әлемнің түкпір-түкпірінен баратын 500-ге жуық мектеп мұғалімдері стендтерде, семинарларда және сессияларда өздерінің ең креативті STEM идеяларымен бөлісетін болады.
АЛМАТЫ