Қоғам • 17 Қаңтар, 2024

«Мұғалімдер де қарапайым адамдар». Аймағамбетов мұғалімдерге араша түсті

3147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұрынғы оқу-ағарту министрі, қазіргі мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Түркиядағы трансвеститтер клубына барған мұғалімдерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

«Мұғалімдер де қарапайым адамдар». Аймағамбетов мұғалімдерге араша түсті

Коллаж: https://qaz365.kz/

Екі мұғалім ақысыз демалыс алып, трансвеститтер клубында көңіл көтерген еді. Желіде тараған видеоны көрген ата-аналар қауымы ұстаздардың мектептен кетуін талап еткен. Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты №250 мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің бұл «демалысы» мектеп басшылығына ұнамай, жиналыс өткізген. Осыдан кейін екі педагог та өз еріктерімен жұмыстан кетті.

Асхат Аймағамбетов мұғалімдер де өз құқығы бар қарапайым азаматтар екенін, сондықтан алдымен жағдайды түсінген жөн екенін алға тартты.

«Мұғалімдер де – бәріміз сияқты азамат. Олардың құқығын шектеуге болмайды. Сондықтан бұл жерде біз мұғалімдерге қойылатын талаптарды нақты ажыратуымыз керек екенін білесіздер. Әрине, жоғары талаптар өз алдына. Бірақ біз олар қарапайым азаматтар екенін түсінуіміз керек», деді Аймағамбетов.

Оның айтуынша, бұл жағдайда істі нақты түсініп, олардың қандай кінәсі бар екенін анықтап алу керек.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025