Фото: Ведомство баспасөзі
Түркияның топ 10 университеттерінің қатарына кіретін Сельджук университетінің профессоры тарих кафедрасының студенттеріне «Өркениеттер тарихы», «Ислам өркениетін зерттеудегі негізгі мәселелер», «Түркістандағы саяси жағдай және мұсылмандардың Орта Азияны жаулап алуы» секілді өзекті тақырыптар бойынша семинарлар оқып жүр. Дәрістер тек ағылшын тілінде өтіп жатыр. Алайда, профессор студенттермен сөйлесу барысында қазақ тілін ұнатып, оны қызығушылықпен үйренуді бастап кеткен.
Айта кетсек, араб, ағылшын, француз, парсы тілдерінде еркін сөйлейтін Мұстафа Демиржи Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне келген күннен бастап бір ай ішінде қазақ тілінде таза сөйлеуді алдына мақсат етіп қойған екен.
Сондай-ақ тарих ғылымын зерттеуде 28 жылдық тәжірибесі бар профессор аталған оқу орнындағы жұмысы барысында профессорлық-оқытушы құраммен бірлескен халықаралық жобаларды жасау жағын да қарастырады.