• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Маусым, 2015

Солтүстікқазақстандық бойжеткен кикбоксингтен рекорд жаңартты

209 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 19 маусым.  Кикбоксингтен өткен Қазақстан чемпионатында 18 жастағы петропавлдық Жадыра Ахмадиева жеңістің ең биік тұғырына көтеріліп, алтын медаль олжалап оралды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандары хабарлады. Жадыраның спорттың бұл түрімен шындап айналысқанына екі жыл ғана. Бухгалтерлік колледжде оқитын ол додалы жарыста 52 кило салмақ бойынша күресіп, төрт қарсыласын да басымдықпен ұтқан. «Бұрындары солтүстікқазақстандық бойжеткендер екінші орыннан жоғары көтеріле алмса, менің шәкіртім Қызылжар өңірінің тарихында рекордты жаңартты. Енді оны Қазақстан құрама командасының мүшесі ретінде Индияда тамыз айында өтетін Азия біріншілігі күтіп тұр», дейді чемпионның жаттықтырушысы Әділ Нұржауыпов. Қазақстан чемпионатында өзге солтүстікқазақстандық кикбоксингшылар да табысты өнер көрсетті. Олар командалық есепте 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медальді иеленді. Өмір Есқали. Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы. Сурет: egemen.kz