Оқиға 12 Наурыз, 2025

Атырауда бекіре уылдырығын тасымалдаған күдікті ұсталды

56 рет
көрсетілді

Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері балық уылдырығын тасымалдаған күдіктіні ұстаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде қала аумағында полицейлер күдік туғызған Lada Vesta автокөлігінің 63 жастағы жүргізушісін тоқтатқан. Көлік салонынан 1,5 келі бекіре тұқымдас балығының уылдырығы табылып, тәркіленген.

Факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

«Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялануға жатпайды», делінген хабарламада.