• RUB:
    6.13
  • USD:
    514.94
  • EUR:
    583.74
Басты сайтқа өту
Бокс 12 Наурыз, 2025

WBC жаңа жоба ұсынды

66 рет
көрсетілді

WBC ұйымы кәсіпқой бокстан өтетін Гран-при турнирінің жаңа нұсқасын ұсынып отыр.

Соған сай 41 мемлекеттен келген 128 былғары қолғап шебері бес ай бойы бір-бірімен жұдырықтасып, мықтыларды анықтайды. Бұл жарыстың кестесі мынадай: 1/16 финал – сәуірде (64 кездесу), 1/8 финал – маусымда (32 кездесу), ¼ финал – тамызда (16 кездесу), жартылай финал – қазанда (8 кездесу) және финал – желтоқсанда (4 кездесу).

Қазақстаннан бұл жобаға Жолдас Жеңісов (7-0, 3 КО), Нұрқанат Райыс (1-0, 0 КО) және Санатәлі Төлтаев (2-0, 1 КО) қатысады деп күтілеуде.