Азия чемпионаты Иордания Хашимит Патшалығы астанасы Амман қаласында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сол байрақты бәсекеге еркін күрестен Қазақстан құрамасы қатысады. Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі балуандардың тізімін жариялады: 57 келі - Рахат Қалжан;
61 келі - Балғабай Мұхамед;
65 келі - Нұрсұлтан Садық;
70 келі - Начын Куулар;
74 келі - Нұрқожа Қайпанов;
79 келі - Дәулет Ергеш;
86 келі - Болат Сакаев;
92 келі - Азамат Дәулетбеков;
97 келі - Ризабек Айтмұхан;
125 келі - Нұрсұлтан Азов. Айта кетсек, дүбірлі дода осы айдың 25-30 күндері өтеді.