• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Маусым, 2015

Қазалы ауданында тәртіп пен тазалық күшейтілетін болады

466 рет
көрсетілді

АСТАНА. 19 маусым. Қызылорда облысы Қазалы ауданында елді-мекендерде санитарлық тазалықты сақтау барысы жайлы жиын өтті. Жиында аудан әкімі Бахыт Жақанов ауылдарды абаттандыру, тазалық нормаларын сақтау, тұрғындарды мәдениеттілікке шақыру аясында баяндама жасады. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Аудан әкімі Бахыт Жақанов: «Халық арасында тәртіпсіздікке және ұсақ құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру арқылы өлкеміздің тазалығы мен тәртібін ретке келтіре аламыз. Ол үшін қоғам бір-бірін тәрбиелеу қажет» – деді. Сондай-ақ, жиында әр көшеге тазалықты сақтауға бағытталған бильбордтар орнату барысында қазіргі таңда көпшіліктің кең пайдаланатын whatsapp желісі арқылы ішкі істер қызметкерлерімен байланысуға жағдай бар екендігін хабарлауды құзырлы орындарға тапсырды. Мұның бір ерекшелігі әрбір тұрғын кез келген құқық бұзушылық туралы мәліметті суретке, видеоға түсіріп, whatsapp желісіне жібере алады. Жиын барысында Әйтеке би кентінің әкімінің орынбасары Қуаныш Сансызбаев тазалықты қамтамасыз ету бағытында жасалып жатқан  жұмыстар туралы хабарлама жасады. Оның айтуынша, жыл басынан бері ұсталған 159 азаматтың 70-не айыппұл салынған, 37 азаматқа ескерту берілген. Айта кетейік, аудан басшысы бұл жұмыстарды одан әрі күшейтуді қатаң тапсырды. Сонымен қатар, кент аумағындағы санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына жастардан құралған «Жасыл ел» еңбек жасағының 30 мүшесі жұмылдырылып, қазіргі таңда кенттің орталық көшелеріндегі аяқ су арықтарын тазалу жұмыстарын атқарылып жатқаны айтылды. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.