• RUB:
    5.89
  • USD:
    505.15
  • EUR:
    550.31
Басты сайтқа өту
Салық Кеше

Жалған шот-фактура тапсырған бизнес өкілдері бақылауға алынды - Мемлекеттік кірістер комитеті

43 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитеті оңтайландыру схемаларын пайдаланатын салық төлеушілерден негізсіз салықтық пайда алуды анықтау және жолын кесу жөнінде белсенді жұмыстарды жалғастыруда, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін талдау қорытындысы бойынша 633 салық төлеушіге, оның ішінде 172 құрылыс саласында және 102 сауда саласында жұмыс істейтін және өзге де компанияларға салық салынатын кірісті төмендету белгілерімен хабарламалар қойылған болатын.

Салық төлеушілерді іріктеу кезінде төмен салық жүктемесі, арнаулы салық режимін қолданатын өнім берушілерде (мұндай өнім берушілермен өзара есеп айырысу 150 млн. теңгеден асқан жағдайда) жалдамалы жұмысшылары мен активтерінің болмауы, сондай-ақ өз қызметкерлерінен жұмыстар мен қызметтерді сатып алу және оларды көрсетудің төмен ықтималдығын көрсететін басқа да өлшемшарттар ескерілді.

Тәуекелі жоғары жеткізушілердің талдауы жергілікті салық органдарына салық төлеушілермен салыстыру жүргізу үшін жеткізілді.

Мысал ретінде, «А» ЖШС 2022-2023 жылдар кезеңінде құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 1,6 млрд теңге сомасына бір мезгілде осы ЖШС-ның қызметкерлері болып табылатын 22 ЖК-мен өзара есеп айырысуы бар.

Бұл ретте 688 млн теңгеге 11 ЖК-де 1 жалдамалы қызметкер бар немесе мүлдем жоқ. Бұл ретте, көрсетілген қызметтер айтарлықтай еңбек ресурстарын тартуды талап етті.

Сонымен қатар, 485 млн теңгеге 23 өнім беруші "А" ЖШС-мен бір компьютерден (құрылғыдан) СЕН тапсырған немесе ЭШФ жазып берген. Сондай-ақ, 15 өнім беруші 167 млн теңгеге меншігінде немесе жалға алуында жоқ арнайы техника мен үй-жайларды жалға беру қызметтерін көрсеткен.

Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық бұзушылықтарға қарсы өз қызметін жалғастыруда және салық төлеушілерді салықтарды толық және уақтылы төлеу арқылы салық заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Жалған шот-фактураларды жазып беру салық заңнамасын бұзу ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын қосымша еске саламыз.