Кино Кеше

Фильмнен түскен қаражаттың ашықтығына маңыз беріледі

27 рет
көрсетілді

Үкімет басшысы Олжас Бектенов кинодан түскен ақшаның ашықтығын және авторлық құқықтың сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жақсы кино түсіру үшін көп қаражат керек. Мұндай қаражатты прокаттан түсіруге болады. Бірақ қазір фильмнен түсетін пайданың көбі кинотеатр иелерінде қалады. Сондықтан кино түсірушілер мен оны прокатқа шығарушылардың мүддесінің тепе-теңдігін бекіту маңызды. Ол үшін түскен ақшаның ашықтығын және авторлық құқықтың сақталуын қамтамасыз ететін «е-кино» платформасын жедел іске қосу керек, деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.