• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
19 Маусым, 2015

Таразда әкімдік ғимарат өртке оранды

422 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 19 маусым. Тараз қаласындағы Желтоқсан мен Сүлейменов көшелерінің қиылысындағы 9 қабаттық әкімдік ғимаратында өрт болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қалалық өрт сөндіру мекемесіне күндізгі сағат 16:42-де төтенше жағдай туралы хабар келіп түседі. Бұл ғимараттың астыңғы қабатында студенттік емхана мен бірқатар кеңселер орналасқан болатын. Әзірге мамандар өрт екінші қабаттағы электр желісінің қысқа тұйықталуынан орын алды деген болжам жасап отыр. Тілсіз жау салдарынан 6 адам зардап шекті. Оның екеуінің денелерін күйік шалса, төртеуі түтінге тұншығып қалған. Өрт толық сөндірілді. Оралхан Дәуіт. Дерек: egemen.kz. Сурет: «ҚазАқпарат».