Талбесік 21 Наурыз, 2025

Өңірдегі өркенді істер

75 рет
көрсетілді

Облыста «TazaLike» акциясы басталды. Айналаны жасыл желекпен көмкеру мақсатында қолға алынған акцияға өңір басшысы Ербол Қарашөкеев қатысып, облыс орталығы Тараз қаласында өткен іс-шараға қолдау көрсетті.

Қоршаған ортаны қорғау, экология­лық мәдениетті қалыптастыру мақса­тын­да жүзеге асырылатын акция «Бәй­терек» шағын ауданындағы №3 мектеп-лицейден бастау алды. Мұнда облыс басшысы лицей оқушыларымен бірге 150 көшет отырғызды.

«TazaLike» акциясы содан соң елі­міз­дегі ең ірі шағын ­аудан санатына енген «Ұлы дала» ық­шам ­ауданында жалғасты. Жаңа ықшам аудандағы іс-шараға об­лыстық, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, мәслихат депутаттары, зиялы қауым, құқық қорғау органдарының өкілдері, спортшылар мен белсенді жас­тар қатысты. Ресми деректерге сүйенсек, «Ұлы дала» шағын ауданында 500 дана көшет егілді.

Өңірде бастау алған «TazaLike» акциясы «Таза қала» іс-шарасына ұлас­ты. Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шу қала­ларының тұрғындары күл-қоқыстарды шығарып, арық-атыздар мен каналдарды қоқыстан тазартты.

Облыс әкімдігінің баспа­сөз қызметі келтірген дерекке жүгінсек, 20, 27 наурыз күндері «Бүкіл қазақстандық ағаш отыр­ғызу», «Жасыл қала», «Қалаға ар­налған ағаш» акциялары ұйым­дастырылады. Іс-шара барысында өңір­дің барлық аудандарын­да жаппай көшет отырғызу ісі қол­ға алынбақ. 15 наурызда бастал­ған «TazaLike» акциясы 20 сәуір­ге дейін жалғасады. Оған өңір­дің барлық ауданы үлес қосады. Нәтижесінде, 7 мыңнан аса кө­шет отырғызылады.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында биыл ауқымды жұмыстар атқарылады. Өңірде көгалдандыру жұ­мысына 1,2 млрд теңге қаржы қарас­тырылған.

«Облыс орталығы Тараз қаласында «Jambyl Cement» ком­паниясының ық­пал етуімен 3,6 мың, «Тараз метал­лур­гиялық зауыты» ұжымының қолдауы­мен 10 мың, «Qazaq soda» компания­сының атсалысуымен 27 мың көшет отырғызу жоспарланған», дейді облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек.

Өңірдегі көгалдандыру жұ­мыстары ілкі сәтке де тоқтамақ емес. Биыл Тараз қаласы мен аудан­дарда 195 мың көшет отыр­ғы­зу жоспарланған. Сондай-ақ егілген көшеттерді цифрландыру жұмысы да жоспарға сай жүзеге асырылып жатыр.

«Бүгінге дейін «Болашақ­ты бірге отырғыза­мыз» акциясын өткізіп үлгер­дік. Нәтижесінде, 28,9 мың көшет егілді. Оған 381 мектептің 47,8 мың білім алушысы атсалыс­ты. Алдағы уақытта «Үлгілі ауыл», «Үлгілі аула» бай­қау­ла­ры ұйым­дастырылады. Осы­лай­­ша, тұрғындарды көшет отыр­ғы­­зу­ға ынталандырамыз», дейді об­­лыс әкімінің орынбасары.

 

Жамбыл облысы