Алматыда үстел теннисінен ел чемпионаты өтті. Командалық жүйемен ұйымдастырылған тартыста Шығыс Қазақстан облысының құрамасы жеңіске жетті. Денис Жолудев, Сағынтай Құрмамбаев, Сергей Коновалов, Темірлан Жиенбаев, Данян Ши бастаған спортшылар финалдық сайыста Алматы құрамасын (Дастан және Айдос Кенжіғұловтар, Санжар Жұбанов, Абдулла Мамай, Дамир Сарсенбай) 3:0 нәтижесімен ұтты. Қола медаль Қарағанды мен Ақтөбе облыстарының теннисшілеріне бұйырды. Әйелдер арасында Сарвиноз Миркадирова, Әнел Бақыт, Гузель Торшаева, Екатерина Пюрко, Айя Әлімбаева сынды үздіктерден жасақталған Алматы қаласының құрамасы Қарағанды облысының (Зәуреш Ақашева, Жанерке Қошқымбаева, Арай Әшкеева, Альбина Жақсылықова, Фарья Фу) қыздарын 3:2 есебімен жеңді. Қола медальды Қостанай облысы мен Шымкент қаласының командасы еншіледі.
