Ақсу ауданына қарасты Қызылжар ауылында Құнан бәйге ұлттық ойыны кезінде 16 жастағы жасөспірім жарақат алды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.

Жарыс кезінде жылқы үркіп кетіп, жарықтандыру сызығына соқтығысып, үстіндегі шабандоз жығылып қалды.
Жарақат алған бозбала шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
«2008 жылы туған бала бас-ми жарақатымен келіп түсті. Оған ота жасалып, бірқатар емдеу шарасы жүргізілді. Қазір оның жағдайы бірқалыпты, дәрігерлердің тұрақты бақылауында», - деп хабарлады Ақсу әкімдігінің баспасөз қызметі.
Осы оқиғадан кейін полиция департаменті оқиғаға себеп болған жағдайларды жоюды талап етіп, жергілікті атқарушы органға ұсыныс жолдады.