• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
11 Ақпан, 2015

Өтініші бойынша қабылдады

190 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дариға На­зар­­бае­ва Италияның Қазақ­стан­дағы Төтенше және өкілет­ті елшісі Стефано Раваньянды оның өтініші бойынша қабылдады. Тараптар Қазақстан-Италия ынтымақтастығының жайын талқылап, Миланда және Аста­нада ЭКСПО-2015 және ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месін өткізу мәселелерін сөз етті. Парламентаралық байланыс­ты кеңейту мәселелері де назардан тыс қалмады. Халықаралық күн тәртібіне де айрықша назар аударылды. Стефано Раваньян Қазақстан Пре­зидентінің мықты саяси тәжіри­бесін алға тарта келіп, өзекті халық­аралық мәселелерді шешуде көрегендік танытудың маңыз­ды­лығына тоқталды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.