• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
20 Маусым, 2015

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №331 

722 рет
көрсетілді

2015 жылғы 26 наурыз, Астана қаласы Сәйкестікті растау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 8) тармақшасына, 12-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сертификатталған өнімнің, процестердің техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органның инспекциялық бақылауды жүзеге асыру қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларацияларды тіркеудің қолданылуын тоқтату немесе күшін жою қағидалары; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану қағидалары бекітілсін. 2. «Сәйкестікті растау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 22 сәуірдегі № 119 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 3601 болып тіркелген, 2005 жылғы қыркүйек, № 18, 148-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б. Б. Қанешев) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында осы бұйрықтың орналастырылуын; 4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А. П. Рауға жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасыны Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж.ҚАСЫМБЕК. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы №331 бұйрығына 1-қосымша Сертификатталған өнімнің, процестердің техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органның инспекциялық бақылауды жүзеге асыру қағидалары 1. Осы Сертификатталған өнімнің, процестердің техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органның инспекциялық бақылауды жүзеге асыру қағидалары «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және сертификатталған өнімнің, процестердің техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органның инспекциялық бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды. 2. Сертификатталған өнімге, процеске инспекциялық бақылауды өнімнің, процестің техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау тәсілдерін белгілейтін сәйкестікті растау схемасына сәйкес, сәйкестік сертификаты қолданысының барлық мерзімі аралығында мерзімдік және жоспардан тыс тексерулер нысанында жылына кемінде бір рет сәйкестік сертификатын берген сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган жүзеге асырады. Инспекциялық бақылау өнімнің өмірлік процестерін қоса алғанда, берілген қандай да бір нәтижеге қол жеткізу бойынша өткізілетін өнімнің немесе өзара байланысты және тізбектік іс-әрекеттер (жұмыстар) жиынтығының техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға сәйкестігін жалғастыратындығын растауға арналған өнім үлгілерін сынауды және басқа тексерулерді қамтиды. 3. Инспекциялық бақылау кезеңділігін сәйкестік сертификатын берген аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі орган айқындайды. Жоспардан тыс тексерулер өнімнің сапасына тұтынушылардан, сауда ұйымдарынан, сондай-ақ сәйкестік сертификаты берілген объектіге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардан шағымдану туралы ақпарат түскен жағдайда жүргізіледі. 4. Инспекциялық бақылау кезеңділігі мен көлемін анықтау өлшемдері өнімнің ықтимал қауіптілік деңгейі, өндіріс тұрақтылығы, шығарылу көлемі, менеджмент жүйелерінің болуы, инспекциялық бақылау жүргізу құны болып табылады. 5. Инспекциялық бақылау бағдарламасын сәйкестікті растау жөніндегі органның басшысы тексеру басталғанға дейін бекітеді. 6. Инспекциялық бақылау, егер ол сәйкестікті растау сызбасында көзделген болса, мынадай жұмыс түрлерін қамтиды: 1) сертификатталған өнім, процесс туралы келіп түсетін ақпаратты талдау; 2) тұрақты сапалы өнім шығаруға қажетті шарттардың немесе қызмет көрсету процесінің тұрақтылығына қажетті шарттардың сақталуын тексеру; 3) үлгілерді іріктеу, өнімдерді сынақтан өткізу және оның нәтижелерін талдау; 4) тексеру нәтижелерін ресімдеу және шешімдер қабылдау. 7. Инспекциялық бақылау нәтижелері үлгілерді сынау және басқа да тексерулер нәтижелерін бағалау, сертификатталған өнім өндірісінің немесе қызмет көрсету процесінің жай-күйі туралы немесе процестің берілген қандай да бір нәтижесіне қол жеткізу бойынша іс-әрекеттер (жұмыстар) және берілген сәйкестік сертификатының қолданысын сақтау мүмкіндіктері туралы қорытынды берілетін еркін нысандағы актімен ресімделеді. Акті аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі органда кемінде үш жыл сақталады, актілеркөшірмелері өтініш берушіге (дайындаушыға, сатушыға) және инспекциялық бақылауға қатысқан ұйымдарға жіберіледі. 8. Инспекциялық бақылаудың теріс нәтижелері бойынша сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган сәйкестік сертификаттарының қолданысын тоқтатады немесе күшін жояды. 9. Инспекциялық бақылау сәйкестікті растау жөніндегі органмен шарт негізінде жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы №331 бұйрығына 2-қосымша Берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларацияларды тіркеудің қолданылуын тоқтату немесе күшін жою қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларацияларды тіркеудің қолданылуын тоқтату немесе күшін жою қағидалары «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларациялар тіркеулерінің қолданылуын тоқтату немесе күшін жою тәртібін айқындайды. 2. Аталған өнімнің сәйкестігін растауды, сәйкестігі туралы декларацияны тіркеуді жүргізген сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдар берген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларациялар тіркеулерінің қолданылуын тоқтатады немесе күшін жояды. 2. Сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган сәйкестік сертификаттарының қолданысын тоқтату немесе күшін жою тәртібі 3. Сәйкестік сертификатының қолданысы тоқтатылады немесе күшін жояды: 1) аталған өнім өндіруді тоқтатуға немесе өзге себептер бойынша сәйкестікті растау жөніндегі орган мен өтініш берушінің өзара келісімі бойынша; 2) сертификатталған өнімге жүргізілген инспекциялық бақылаудың теріс нәтижелері бойынша; 3) сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген келісілген түзету шаралары арқылы өтініш беруші анықталған сәйкессіздік себептерін жойса және инспекциялық қайта бақылау кезінде сынақ зертханасында өнімнің техникалық регламенттерге сәйкестігін қосымша сынаусыз растай алатын болса; 4) техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда: инспекциялық бақылау кезінде өнімді сынаудың теріс нәтижесі; аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органды тиісінше хабардар етпей, өнімге арналған техникалық регламенттердің немесе сынау әдісінің өзгеруі; сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органды тиісінше хабардар етпей,өнім құрастырылымының (құрамының), жиынтықтылығының, өндірістің ұйымдастырылуының және (немесе) технологиясының өзгеруі; өнім өндіру технологиясыталаптарының өзгеруі (орындалмауы); сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органмен келіспей,техникалық регламенттермен көзделген бақылау және сынау әдістерінің, менеджмент жүйелерінің өзгеруі (орындалмаулары) жағдайларда. 4. Сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтату бір айға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады. 5. Сәйкестік сертификаты мынадай жағдайларда тоқтатылады: 1) егер өнімнің анықталған сәйкессіздігін жою мүмкін болмаса; 2) егер өтініш беруші сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органға қатысты өзінің қаржылық міндеттемелерін орындамайтын болса; 3) егер өтініш беруші сәйкестік сертификатының қолданысы уақытша тоқтатылған кезеңде тиісті шаралар қолданбаса; 4) егер өтініш беруші сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімін ұзартуды қаламаса; 5) егер өнім өндіру тоқтатылса (басқа өндіріске берілсе) немесе кәсіпорынды тарату жүргізілсе. 6. Сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтату немесе күшін жою туралы шешімді оны берген сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган қабылдайды және ресімдеу осы Қағидалардың қосымшасына нысан бойынша сәйкес жүргізіледі, сәйкестікті растау саласындағы берілген құжаттарды есепке алу үшін, мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізіліміне тиісті жазбаны енгізу арқылы міндетті. 7. Сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтату немесе күшін жою туралы шешім қабылдайды және шешім қабылданған сәттен бастап ақпаратты, оны берген өтініш берушінің, тұтынушылардың, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) және өзге мүдделі тұлғалардың назарына жеткізеді. Сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтату немесе күшін жою туралы шешім қабылдаған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға күші жойылған сәйкестік сертификатын жібереді. 3. Сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органның cәйкестік туралы декларацияны тіркеуді қолдануды тоқтату немесе күшін жою тәртібі 8. Сәйкестік туралы декларацияны тіркеудің қолданысы: 1) аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі орган мен өтініш берушінің өзара келісімі бойынша; 2) өтініш беруші сәйкестік туралы декларация қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда; 3) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардан техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға декларацияланған өнімнің сәйкессіздігі туралы хабарлама түскен жағдайда тоқтатылады немесе күшін жояды. 9. Сәйкестік туралы декларацияны тіркеуді тоқтату немесе күшін жою туралы шешімді сәйкестікті растау жөніндегі акккредителген орган қабылдайды. 10. Сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган шешім қабылдаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні, уәкілетті органды, нақты өнімді тұтынушылар және мүдделі қатысушыларды сәйкестік декларациясын тіркеуді тоқтату немесе күшін жою туралы жазбаша түрде хабардар етеді. Берілген сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларациялар тіркеуінің қолданысын тоқтату немесе күшін жою қағидаларына қосымша Нысан 20 __жылғы « » ________ _______________________басшысына толық атауы _________________________________ өтініш беруші-кәсіпорын _________________________________ Басшының Т.А.Ә.А. _________________________________ Кәсіпорынның мекенжайы ШЕШІМ _____________________________________________________________________ тексеру түрі, хабарлама хаттың № ____________________________________________________________________ нәтижесінде мына деректер анықталды_________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ сәйкестікті растау жөніндегі органды хабардар етпей нормативтік _______________________________________________________________________________ құжаттың, өнім құрастырылымының, _______________________________________________________________________________ жиынтықтылығының, өндіру технологиясының өзгеруі; _______________________________________________________________________________ технология талаптарының орындалмауы ______________________________________________________________________________ сәйкестікті растау жөніндегі органның келісімінсіз бақылау және ______________________________________________________________________________ сынақ әдістерінің өзгертілуі; ___________________________________________________________________ өндірістің тоқтатылуы ______________________________________ сәйкестікті растау жөніндегі орган берген тіркеген № ______________________________ сәйкестік сертификатының (сәйкестік туралы декларацияның) қолданылу мерзімі_______________________________________ дейін ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ өнімнің, қызметтердің, процестің атауы ТОҚТАТЫЛСЫН (КҮШІ ЖОЙЫЛСЫН) 20 жылғы «___» _________________ Сәйкестікті растау жөніндегі органның басшысы ________________________ Т.А.Ә.А._____________________ қолы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы №331 бұйрығына 3-қосымша Шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану қағидалары 1. Жалпы қағидалар 1. Осы Шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану қағидалары «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар қолданылады: 1) импорттаушы – өнімді (тауарды) Қазақстанның ішкі нарығында өткізу үшін шеттен әкелетін жеке немесе заңды тұлға; 2) тану (сәйкестікті растау саласында) – Қазақстан Республикасында сәйкестікті растау жөніндегі орган импорттаушыда (өтініш берушіде) болатын шетелдік сәйкестік сертификатының, сәйкестік белгісінің, сынақ хаттамасының немесе сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттың негізінде өнімнің, қызметтердің немесе процестің қауіпсіздігін жазбаша растайтын рәсім. 3) сәйкестік сертификатын ұстаушы – өндіретін өнімін сәйкестікті растау жөніндегі орган осы өнімді Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарымен сәйкес жүргізілген сәйкестік сертификатымен немесе халықаралық шарттарға сәйкес ресімделген оның көшірмелерімен сүйемелдеу құқығымен сертификаттаған жеке немесе заңды тұлға. Осы Қағидалардағы өзге анықтамалар «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады. 3. Шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану мынадай шарттардың бірін сақтау кезінде жүзеге асырылады: 1) сәйкестікті растау нәтижелерін тану туралы жасалған халықаралық келісімдердің (шарттардың) болуы; 2) сәйкестікті бағалау құжаттарында аккредиттеу жөніндегі органның халықаралық немесе аккредиттеу жөніндегі өңірлік мемлекеттік емес, үкіметтік емес ұйымдармен жасаған шарттарына сәйкес аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдардың растау белгісінің болуы. 4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзге Қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарт ережелері қолданылады. 5. Сәйкестігі міндетті түрде расталуға тиіс өнімге берілген шетелдік сәйкестік сертификаттарын тану Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарымен белгіленген нысандар бойынша сәйкестік сертификаттарына оларды қайта ресімдеу арқылы жүзеге асырылады. 6. Халықаралық шарттар немесе аккредиттеу жөніндегі халықаралық немесе өңірлік мемлекеттік емес, үкіметтік емес ұйымдармен жасалған шарттар болмаған кезде, оған белгіленген талаптарға импортталатын өнімнің сәйкестігін растау стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. 7. Шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану жұмыстарын жүргізу үшін уәкілетті орган: 1) Қазақстан Республикасы сәйкестікті растау нәтижелерін тану туралы шарт жасасқан мемлекеттер; 2) Қазақстан Республикасының аккредиттеу жөніндегі органы өзара тану туралы келісім жасасқан, осы келісімге қатысушы елдерді көрсету арқылы халықаралық немесе аккредиттеу жөніндегі өңірлік мемлекеттік емес, үкіметтік емес ұйымдардың тізбесін қалыптастырады, тұрақты түрде жаңартады және барлық мүдделі заңды және жеке тұлғаларға ұсынады. 8. Шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану импорттаушының (өтініш берушінің) өтінімі негізінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі – өтінім) шартты негізде өзінің аккредиттеу саласында мәлімделген өнім (тауар) түрі бар аккредиттелген органдар жүзеге асырады. 9. Импортталатын, міндетті түрде расталуға тиіс және өткізуге арналған өнімге шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану бойынша жұмыстар оларға мемлекеттік және орыс тілдерінде ілеспе ақпарат берілген жағдайда жүргізіледі. 10. Ақпарат өнімнің, елдің және дайындаушы-кәсіпорынның (орындаушының) атауын, сақтау мерзімін (жарамдылығын, пайдаланылуын), сақтау шарттарын, пайдалану әдісін (егер аталған ақпарат техникалық регламентімен регламенттелген болса) қамтуға тиіс. 11. Сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган шетелдік сәйкестік сертификатын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды растау бойынша жұмыстарды жүргізуге берілген өтінімді қарау нәтижелері бойынша шешімді өтінімді алған және оны тіркеген сәттен бастап жеті жұмыс күннен аспайтын, ал тез бұзылатын өнімдерге екі жұмыс күннен аспайтын мерзімде өтінім берушіге жібереді. 12. Шешіммен келіспеген жағдайда, импорттаушы (өтініш беруші) сот ретінде шағымдану құқығы бар. 2. Шетелдік сәйкестік сертификаттарын тану тәртібі 13. Шетелдік сәйкестік сертификатын тану үшін импорттаушы (өтініш беруші) өтінімге: 1) шетелдік сертификаттың түпнұсқасы не болмаса оның сәйкестік сертификатын берген сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органның мөрі және қол қойылып расталған көшірмесі немесе сертификат түпнұсқасын ұстаушы болып табылатын кәсіпорынның (фирманың) нотариалды түрде расталған түпнұсқасының көшірмесін; 2) шетелдік сәйкестік сертификатында көрсетілген нормативтік құжатты, егер ол Қазақстан Республикасында қолданылатын халықаралық құжат болып табылмайтын жағдайда; 3) өнімнің ілеспе құжаттарын: кедендік декларацияның, өнімнің (тауардың) шығу тегі туралы сертификаттың, келісімшарттың, жүкқұжаттың, шот-фактураның көшірмелерін, өнімді сынақтан өткізу хаттамасын, гигиеналық қорытындыны, ветеринариялық құжатты, фитосанитариялық сертификатты, сапа менеджменті жүйесінің сертификатын қоса береді. Тізбеленген құжаттардың қандай да бірінің болмауы импорттаушы (өтініш беруші) ұсынған құжаттардағы расталмаған көрсеткіштер бойынша өнімді қажетті сынақтан (зерттеулерден) өткізу үшін негіз болып табылмайды. 14. Өтінімге және ұсынылған құжаттарға жасалатын талдау негізінде сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган шетелдік сәйкестік сертификатын тану жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды, импорттаушымен (өтініш берушімен) бірге жұмыстарды жүргізу шартын ресімдейді. 15. Шетелдік сертификатты тану туралы шешім қабылдау үшін мынадай рәсімдер жүргізіледі: 1) өтінімге қоса берілген құжаттарға сараптама; 2) сәйкестік сертификаты ресімделген өнімді (тауарды) сәйкестендіру; 3) тұтынушыға арналған ақпараттың болуын тексеру. 16. Сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган құжаттарға сараптама жүргізу кезінде олардың түпнұсқалылығын айқындайды және әкелінген өнімге Қазақстан Республикасында қабылданған құжаттар талаптарына сәйкестігіне салыстыру жүргізеді және қажет болған жағдайда сертификат берілгенге дейін толық көлемде немесе Қазақстан Республикасында қабылданған талаптарға өнімнің сәйкестігін растау үшін жекелеген көрсеткіштер бойынша қайта сынақтар жүргізеді. 17. Шетелдік сәйкестік сертификатын жекелеген көрсеткіштер бойынша сынақ жүргізу арқылы тану жағдайында, сертификат сәйкестігіне қосымша сынақтар жүргізілген нормативтік құжат көрсетіледі. 18. Өнімді (тауарды) сәйкестендіруді сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органның сарапшы-аудиторы өнімнің нормативтік құжаттарға, тауардың ілеспе құжаттарына, жеткізілім шартына (келісімі), өзіндік ерекшеліктеріне, заттаңбасына, затбелгілеріне және өнімді (тауарды) сипаттайтын басқа да құжаттарына сәйкестігін растауға жиынтығында жеткілікті болып табылатын белгілері, параметрлері, көрсеткіштері және талаптары бойынша іске асырады. 19. Өнімді сәйкестендіру кезінде импорттаушының (өтініш берушінің), өнімнің (тауардың) таңбалауында қажетті ақпараттың болуы бөлігінде, стандарттау саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарын орындауы ескерілуге тиіс. Өнімді сәйкестендіру нәтижелері және сақтау шарттары сәйкестендіру актісінде көрсетіледі. 20. Шетелдік сәйкестік сертификатын тану бойынша оң шешім болатын кездесәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарымен бекітілген нысан боынша сәйкестік сертификатын ресімдейді. 21. Сәйкестік сертификатында өнімге қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы техникалық регламенті көрсетіледі және «Сертификат .... негізінде берілді» деген бөлімде оны берген елді, органды, сертификат нөмірін және берілген күнін көрсету арқылы танылған шетелдік сертификатқа жасалған сілтемемен жазба жасалады. 22. Жаңадан берілген сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімін сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган өнімнің жарамдылық мерзіміне және қайта ресімделетін шетелдік сертификаттың қолданылу мерзіміне байланысты белгілейді, бірақ бір жылдан аспауға тиіс. 23. Егер сериямен өндірілетін өнім өндірісіне берілген шетелдік сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімі аяқталса, ал оның қолданылу мерзімінде өндірілген өнім сатушыда болса, онда сертификаттың қолданылу мерзімі барлық жарамдылық мерзіміне немесе сақталу шарттары сақталған жағдайда оның сақталу мерзіміне ұзартылады. 24. Тез бұзылатын өнімдердің сәйкестік сертификаты сақтау және тасымалдау шарттары сақталған жағдайда ғана танылады. 25. Сертификат берілген елде дайындалған өнімге берілген сәйкестік сертификаты (көшірме) танылмайды, ал өнім барлық міндетті көрсеткіштер бойынша сәйкестігін растаудан өтуге тиіс. 26. Тану рәсімдерінің нәтижелері теріс нәтижелері кезінде сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган егер: 1) өтінім және оған қоса берілген құжаттар тиісті түрде ресімделмесе; 2) өтінімге осы Қағиданың 13-тармағында көзделген құжаттардың толық емес пакеті қоса берілсе; 3) ұсынылған құжаттарда сенімсіз ақпарат жазылса; 4) оны сәйкестендіру процесінде ерекше белгілері бойынша белгілі бір өнімді (тауарды) бір мәнді тану мүмкін болмаса, импорттаушыға (өтінім берушіге) екі жұмыс күні ішінде жазбаша уәжделген бас тарту жібереді. 3. Сынақ хаттамаларын тану тәртібі 27. Сәйкестікті растау саласындағы сынақ хаттамаларын тану рәсімі импорттаушыда (өтінім берушіде) бұл құжаттардың түпнұсқалары немесе сынақ зертханасының (орталығының) немесе танылатын құжатты ресімдеген ұйымның немесе ұсынылған көшірмелердің түпнұсқасын ұстаушы болып табылатын кәсіпорынның (фирманың) тиісті қол қою және мөр басу арқылы немесе белгіленген тәртіппен нотариалды түрде расталған көшірмелері болғанда ғана жүргізіледі. 28. Сәйкестікті растау саласындағы сынақ хаттамаларын тану кезінде олардың түпнұсқасы айқындалады. 29. Тануға ұсынылған құжаттардағы қойылған қол мен мөр анық оқылатын жағдайда, сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган орындаушының қолы қойылып және сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органның мөрі басылып расталатын құжаттың бірінші бетіне құжат сәйкестікті растау саласындағы жұмыстар үшін тану рәсімінен өтті деген редакцияда жазба жасайды. 30. Тану рәсімінен ң өткен, сынақ хаттамасында көрсетілген сынақ нәтижелері сәйкестік сертификатын немесе сәйкестік туралы декларацияны ресімдеу үшін пайдаланылады. 4. Сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану тәртібі 31. Импорттаушы (өтініш беруші) сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану үшін жұмыстарды жүргізу өтініміне мыналарды қоса береді: 1) өнімнің үлгісі (ыдысы, буып-түю), сертификаттау жөнінде деректер берілетін орында сәйкестік белгісімен таңбаланған пайдалану және/немесе техникалық құжаттар (сәйкестік сертификатының нөмірі және күні, сертификат берген органның атауы); 2) мәлімделетін өнім сәйкес дайындалатын нормативтік құжат, егер ол Қазақстан Республикасында қолданылатын халықаралық немесе өңірлік құжаттың санатына енбейтін жағдайда; 3) өнімнің ілеспе құжаттамасы: кедендік декларацияның және өнімнің (тауардың) шығу тегі туралы сертификаттың, келісімшарттың, жүкқұжаттың, шот-фактураның көшірмелері, өнімді сынақтан өткізу хаттамасы, гигиеналық қорытынды, ветеринариялық құжат, фитосанитариялық сертификат, менеджмент жүйесінің сертификаты және басқалары. 32. Сәйкестік белгісін тану туралы шешім қабылдау үшін мынада рәсімдер жүргізіледі: 1) сәйкестік белгісі басылған өнімді (тауарды) сәйкестендіру және тұтынушыларға арналған ақпараттың жеткілікті болуы; 2) сәйкестік белгілерін тануға арналған негіздемелерді тексеру (Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде аккредиттеу немесе сәйкестікті растау нәтижелерін өзара тану туралы тиісті келісімдердің болуы); 3) қажетті жағдайларда (сәйкестік белгісінің анық еместігі, мәліметтердің толық еместігі және осы тәрізді) сәйкестік сертификатын беру және өндірушіге (сатушыға) өнімді (тауарды) сәйкестік белгісімен таңбалау құқығын беру фактісінтексеру. 33. Сәйкестік белгісін тану бойынша оң шешім кезінде сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарымен бекітілген нысан бойнша сәйкестік сертификатын ресімдейді. Сәйкестік сертификатында «Сертификат .... негізінде берілді» деген тарауда оны берген елді, органды, сертификат нөмірін және берілген күнін көрсете отырып,сәйкестік белгісін тану жүргізілгені туралы сілтемемен жазба жасалады. Шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану қағидаларына қосымша Нысан Импорттаушының (өтінім берушінің) өтінімі Сәйкестікті растау жөніндегі органның басшысына ______________________________________ ______________________________________ (органның атауы, заңды мекенжайы) ӨТІНІМ Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде ____________________________________________________________________ ( құжаттың немесе белгінің атауы) тануды жүргізуге _____________________________________________________ ____________________________________________________________________ (өтінім берушінің атауы, оның заңды мекенжайы, телефоны) ______________________________________________________________ атынан (өтінім беруші кәсіпорын басшысының немесе жеке тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.А.) _____________________________________________________________________ (құжаттың немесе белгінің атауы, №, берілген күні, құжатты берген органның немесе зертхананың атауы) тану рәсімін жүргізуді және _________________________________________________ (өнімнің атауы, типі, үлгісі, маркасы, саны, елі, дайындаушы-кәсіпорын) Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сәйкестік сертификатын беруді сұрайды. Қосымша: * Өзім өтінім берген құжатты (белгіні) тану рәсіміне қатысты барлық шығындарды, оның нәтижелеріне қарамастан, төлеуге міндеттенемін. Өтінім беруші ____________ ____________________ (өзінің қолы) (Т.А.Ә.А.) МО ** 20__ж. «___»_________ Ескертпе: * өтінімге сол бойынша тану жүргізілетін құжат немесе оның белгіленген тәртіппен ресімделген көшірмесі қоса беріледі. Шетелдік сәйкестік белгісін тану үшін өтінімге дайындаушы-кәсіпорынның белгіленген тәртіппен ресімделген сапа паспортының түпнұсқасы, сонымен қатар әзірлеуші-кәсіпорынның және сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды жүргізген және импортталатын өнімді сәйкестік белгісімен таңбалауға рұқсат берген шетелдік органның деректемелері (пошталық мекенжайы, телефоны, факсы, электронды поштасы) қоса беріледі. ** заңды тұлға үшін. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10979 болып енгізілді.