• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
11 Ақпан, 2015

Атқарушы директормен әңгіме

276 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің атқарушы директоры, елші Гун Цзяньвэйді оның өтініші бойынша қабылдады. Сенат Төрағасы белгілі қытай дипломатын жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтай келіп, Қытайдың АӨСШК-ге та­быс­ты төрағалық еткенін атап өтті. Со­ның арқасында бұл форум бе­дел­ге ие болды және қауіпсіз­дік­ті қам­тамасыз етуде Азия құр­лы­ғын­дағы маңызды факторға айналды. Қ.Тоқаев Шанхайда өткен Азиядағы сенім шаралары мен ынтымақтастықты нығайтудың іс жүзіндегі тетіктері әзірленген АӨСШК-нің 4-ші саммитін Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев жоғары бағалайтынын атап өтті. Гун Цзяньвэй АӨСШК-ні одан әрі дамыту жоспары және оны Азиядағы қауіпсіздік және даму ұйымына өзгерту мүмкіндігі туралы хабардар етті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.