Ұлыбритания королі ІІІ Карл ем қабылдау кезінде пайда болған жанама әсерге байланысты ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Букингем сарайы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Монархтың денсаулығына байланысты алдағы күндері жоспарланған барлық іс-шаралар кейінге шегерілген.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың ақпан айында III Чарльзға онкологиялық ауру диагнозы қойылған еді. Осыдан кейін ол ем қабылдап, қоғамдық міндеттерін уақытша тоқтатқан болатын.