Күрес 28 Наурыз, 2025

Жәмилә Бақбергенова алтынға таласады

86 рет
көрсетілді

Жәмилә Бақбергенова (72 кг) Азия чемпионатының жартылай финалында әлем чемпионы, тәжірибелі жапон балуаны Масако Фурутиді жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, 2021 жылы әлем чемпионаты финалында екеуі күресіп, ол кезде Масако Фурути ұтқан екен.

Финалдар Астана уақытымен кешкі сағат 20:00-де басталады. Жәмиләнің қарсыласы Қытай палуаны. Елімізде Азия чемпионатын Qazsport пен Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Еске салайық, Азия додасы Иорданияның бас шаһары Амманда өтіп жатыр.