Президент 28 Наурыз, 2025

Президентке жер сілкінісінен кейінгі ахуал баяндалды

137 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің өңірдегі жер сілкінісінен кейінгі ахуал бойынша баяндамаларын тыңдады, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновке әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Үкімет облыстағы ахуалды бақылауға алды.