• RUB:
    6.3
  • USD:
    516.91
  • EUR:
    586.33
Басты сайтқа өту
Білім 31 Наурыз, 2025

Елімізде алғаш рет «педагог-профориентатор» лауазымы енгізілді

159 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еліміздің орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл бастама оқушыларға мамандық таңдауда ерте бағыт-бағдар беруге, сондай-ақ оқушылар, ата-аналар, педагогтер, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған.Педагог-кәсіптік бағдар берушінің негізгі міндеттері: Оқушыларға мамандық пен білім бағытын таңдауда қолдау көрсету; Жеке және топтық кәсіби кеңес беру жұмыстарын жүргізу; Кәсіптік бағдар беруге арналған іс-шараларды ұйымдастыру; Жұмыспен қамту орталықтарымен, колледждермен және кәсіпорындармен байланыс орнату; Оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен заманауи үрдістер туралы ақпарат беру.

«Жаңа лауазымның енгізілуі оқушылардың сана­лы әрі дұрыс кәсіптік таңдау жасауына көмектеседі, жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, еңбекке бейім, білікті және бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді», делінген хабарламада.