Президент 31 Наурыз, 2025

Президент Пәкістан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

86 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф бір-бірін Ораза айт мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды. Сонымен қатар экономикалық кооперацияның, әсіресе, көлік-логистика және инвестиция бағытындағы ықпалдастықтың әлеуетін барынша тиімді пайдалану маңызды екені атап өтілді.