• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Ақпан, 2015

Қарағанды облысында жол қозғалысы тоқтатылды

223 рет
көрсетілді

АСТАНА. 11 ақпан. Қарағанды облысында «Алматы – Екатеринбург» тас жолының учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Бұл туралы BNews.kz хабарлады. «11 ақпан күні күн райының нашарлауына байланысты (қар, көктайғақ) «Алматы – Екатеринбург» автожолының учаскесінде (489-1007 км), Қарағанды қаласынан Жамбыл облысының шекарасына дейін автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысы жабылды», - делінген «Қазавтожол» хабарламасында. Мұрат Айтқожа.
Соңғы жаңалықтар