Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі деген болжам жасады. Осыған байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Астанада желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысында жел соғып, найзағай ойнайды.
Петропавл қаласында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел, тұман, жаңбыр күтіледі.
Көкшетау қаласында, Жетісу, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Өскемен, Семей, Жамбыл, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында жел соғып, тұман түседі.