Қазақстан ұлттық футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы іріктеу матчтарының қорытындысы бойынша ФИФА рейтингінде үш сатыға төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін ФИФА ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады. Онда Қазақстан құрамасы үш позицияға төмендеп, 113-орынға орналасқан. Бұл ретте Намибия, Вьетнам және Ливан құрамалары Қазақстаннан жоғары көтерілді.
ФИФА рейтингінің көшбасшысы болып Аргентина құрамасы қала бермек. Бұл команда 2026 жылы АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына қатысуын алғашқы болып қамтамасыз еткен ұлттық құрамалардың бірі.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы 2025 жылы екі ресми матч өткізді:
Уэльс құрамасына қарсы (3:1); Лихтенштейн құрамасына қарсы (0:2).Лихтенштейнге қарсы жеңіс Қазақстан құрамасы үшін 11 жыл 6 ай ішіндегі әлем чемпионаттарының іріктеу матчтарындағы алғашқы жеңіс болды. Бұған дейін Қазақстан мұндай жетістікке 2013 жылдың 6 қыркүйегінде жетіп, Астанада Фарер аралдарын 2:1 есебімен жеңген еді.