Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған банк президенті Одиль Рено-Бассомен кездесуі туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кездесуде экономиканың түрлі секторындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
2024 жылы Қазақстан Үкіметі мен ЕҚДБ 935 млн долларға 25 жобаны қаржыландыру туралы келісімге қол жеткізген болатын.
Одиль Рено-Бассо ЕҚДБ «жасыл экономика» бағдарламаларын жүзеге асыруға 2 млрд еуро инвестиция құюды жоспарлап отырғаны туралы тың мәліметтер берді.
Қазақстан Президенті банк секторының өркендеуіне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Одиль Рено-Бассо қаржы саласындағы жаһандық үрдістер жөнінде пікір алмасты.