Төтенше жағдай 06 Сәуір, 2025

Арқалықта өрт шыққан үйден 14 тұрғын эвакуацияланды

93 рет
көрсетілді

Арқалықта көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шығып, өрт сөндіру кезінде 14 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Құтқарушылар қою түтіннің ішінен 27 литрлік екі газ балонын сыртқа шығарып үлгерген. 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт толық сөндірілді, қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.  Жедел көмекке келген дәрігер мамандар өрт шыққан үйдің 6 тұрғынын денсаулық жағдайын бақылауда ұстау үшін қалалық ауруханаға жіберген. Алтаудың бесеуі – жас бала. 

Дәрігерлік бақылаудағы тұрғындардың жағдайы тұрақты.

Қостанай облысы