Оқиға 07 Сәуір, 2025

Павлодарда ер адамды пойыз жаншып кетті

69 рет
көрсетілді

Теміржолдағы желілік полиция бөлімі аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда трамвай депосына апаратын көпір маңында ер адамды пойыз қағып кетті. Қайтыс болған ер адамның жеке бас мәліметтері анықталған жоқ, жасы шамамен 40-та болуы мүмкін.

«Ер адамды пойыз қағып кеткені туралы ақпарат сағат 20.00-де хабарланды. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 7 минутта жетті. Өкінішке қарай, медицина қызметкерлерінің тез жетуі адамдарды әрдайым өмірден құтқара бермейді. Пойыз астына түскен азамат алған жарақаттары салдарынан сол жерде көз жұмғаны анықталды», деп хабарлады өңірлік жедел жәрдем стансасынан.

Павлодар стансасындағы желілік полиция бөлімі қозғалыс қауіпсіздігі ережесін және темір жол көлігін пайдалану ережелерін бұзып, абайсызда кісі өліміне соқтырған қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. Қазіргі уақытта тергеу-тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.