• RUB:
    6.13
  • USD:
    514.94
  • EUR:
    583.74
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Сәуір, 2025

Алматыда әуежай қызметкерін кепілге алған ер адамға қатысты сот отырысы басталды

66 рет
көрсетілді

Бүгін Түрксіб аудандық сотында 67 жастағы Машрапбек Баратовқа қатысты сот процесі басталды. Ол 2024 жылдың 7 наурызында Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алып, пышақпен қорқытып, сөмкесінде бомба барын айтқан еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, Баратов әуежайда көпшіліктің қауіпсіздігіне қатер төндіріп, қызметкерді күштеп ұстаған. Сонымен қатар, оның әрекеті терроризм актісі туралы жалған хабар тарату ретінде бағаланған.

Сот отырысында күдікті өзіне тағылған айыптарды толық мойындаған. Айта кетейік, аталған оқиғаға байланысты үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

Сот процесі жалғасып жатыр.