Оқиға 08 Сәуір, 2025

Дирижер Маралжан Мырзақұлова өмірден өтті

101 рет
көрсетілді

Суыт хабарды Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының баспасөз қызметі жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маралжан Мырзақұлова Мәдениет саласының үздігі, Халық аспаптар ансамблінің негізін қалаған өнер қайраткері.

«Маралжан Мырзақұлованың мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстарына, жора-жолдастарына және барша жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Маралжан Мырзақұлова — өнер мен мәдениетке сіңірген еңбегімен ел есінде мәңгі қалатын жарқын тұлға. Оның жарқын бейнесі, кәсіби шеберлігі мен адамгершілігі жұртшылықтың жүрегінде сақталады», деп жазған театр әкімшілігі.