Вильнюстегі Адам Мицкевич атындағы қоғамдық кітапханада белгілі қазақстандық кинодраматург және режиссер, жазушы және қоғам қайраткері Ермек Тұрсыновтың «Мамлюк» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz obzor.lt.порталына сілтеме жасап.

Кітап литва тілінде жарық көрді.
Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тимур Оразаев кітаптың таныстырылымына қатысты.
Кітапхана директоры Эмилия Банёните «Мамлюк» кітабы тек Литвада ғана емес, бүкіл Балтық өңірінде қазақ мәдениетінің «тартылыс орталығы» болып қала беретін Абай Құнанбайұлы атындағы оқу залының маржаны болатынын атап өтті.
Жиналғандарға автор да бейне хабарлама арқылы қосылып, жылы лебізін білдірді.
Е.Тұрсынов шараға қатысушылардың барлығына өз шығармашылығына көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтып, кітаптың литвалық оқырманды табатынына сенім білдірді. Ол үшін бұл зерттеулер мен Сұлтан Бейбарыстың ізімен Шығысқа саяхат жасау қызықты процесс болды.
Литваның Эстония, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан және Финляндиядағы көпжылдық елшісі Галина Кобецкайте өз кезінде журналист және аудармашы лауазымынан бастап, әдеби аудармалар арқылы халықтар ынтымақтастығына көмектесу қаншалықты маңызды деген қорытындыға келгенін айтып берді.
Кітап Қазақстанның Литвадағы Елшілігінің қамқорлығымен демеушілік қаражатқа басылып шықты. Елшілік Қазақстанның Литвадағы Құрметті консулдарына, жергілікті қазақ диаспорасына, литвалық компанияларға және «Žara» баспа үйіне көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреді. Вильнюс университетінің доценті Антанас Сметонеге аударма жұмысы үшін ерекше ризашылық білдірілді.
Іс-шараға қатысушылар қазақстандық көркем әдебиетпен танысу литвалық оқырмандардың еліміздің тарихы мен түркі мұрасы туралы білімдерін кеңінен танымал «Born Bold» логын ақтайтын ірі тарихи тұлғалар мысалында кеңейтуге ықпал ететініне сенім білдірді. Литва тіліндегі «Мамлюк» кітабы келер жылдың басында жыл сайынғы «Vilnius Book Fair» кітап жәрмеңкесінде ұсынылады.
Іс-шараға Литва Сеймінің депутаттары, шетелдік елшілер, мемлекеттік органдардың, академиялық, қоғамдық және бизнес топтардың, сондай-ақ Литва БАҚ өкілдері қатысты.