• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
11 Ақпан, 2015

Ақтау әуежайы жолаушылар тасымалын арттырады

401 рет
көрсетілді

АҚТАУ. 11 ақпан. Ақтау халықаралық әуежайы жолаушылар тасымалдауды 2,5 млн. адамға арттырмақ. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Авиация- Маңғыстаудағы тасымалдаудың негізі модулі» атты әуежайды дамыту тақырыбында өткен жиында айтылғандай, Ақтау халықаралық әуежайы елімізде жолаушылар легі бойынша 3-орында тұр. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Рақымбек Әміржанов әуежайды шет ел инвестициясының қатысуымен іске қосылған жалғыз табысты кәсіпорын деп отыр. Онда 80 млн. АҚШ доллары құйылды. Қазір, ол жерде 700-ге жуық адам жұмыс істейді. Алдағы уақытта Ақтау-Ыстамбұл, Ақтау-Иран сынды. жан-жақты жаңа бағыттарға тасымал қарастырылуда. Мамандар мұны аймақтың дамуы қарқынымен байланыстырып отыр. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: egemen.kz. Сурет: news.nur.kz.