Аймақтар 11 Сәуір, 2025

«AL-FARABI» интеллектуалды ойынының үздіктері анықталды

62 рет
көрсетілді

Түркістан облысы көлемінде өткен «AL-FARABI» интеллектуалды ойыны өз мәресіне жетті. Төрт күнге созылған ауқымды шараның шешуші кезеңінде «Жастар рухы» командасы жеңіске жетіп, 1 млн теңге ұтып алды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған байқауға өңірдің аудан-қалаларынан 200-ге жуық команда қатысты. Дарынды жастарды қолдау, олардың танымдық қызығушылықтарын арттыру арқылы білім деңгейін көтеру, сонымен қатар интеллектуалды орта қалыптастыра отырып, шешендік өнер мен азаматтық белсенділікті, құқықтық сауаттылықты арттыру көзделген сайыстың іріктеу кезеңінде озып шыққан 10 команда финалда бақ сынады. Сайыстың ақтық кезеңіне қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жыл сайын ұйымдастырылатын интеллектуалды ойынның маңыздылығына тоқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтады.

Нағыз білімді жастардың басын қосқан,тартысқа толы ойынның нәтижесі бойынша 1-орынды «Жастар рухы» командасы жеңіп алды. Екінші орынға «Сайрам» және «11 колледж» командалары ие болса, 3-орынды «Конина power» және «Уран city» командалары еншіледі. I орын алған командаға 1 000 000 теңге, II орынға алған әр командаға – 500 000, III орын иегерлеріне 300 000 теңге қаржылай сыйлық табысталды. Сондай-ақ «Үздік ұжым», «Үздік білімгер», «Үздік жауап», «Үздік белсенді топ», «Үздік топ басшысы» номинация иелеріне 100 мың теңге қаржылай сыйлық берілді. 15 командаға ынталандыру сыйлығы табыс етілді.